Главная » Тексты песен » Песни на казахском

Текст песни Ағзамхан Егембаев "Аңсағаным, Аралым"

Ақ жал атып толқыған, 
Айбын қайда, Аралым? 
Ақ шағала қалқыған, 
Айдын қайда, Аралым? 

Аралдың салқын самалын, 
Аңсаумен жырға қосамын. 
Азайған сенің арнаңа, 
Араша болсын осы әнім. 

Алқабында Әму - Сыр, 
Арман болған, Аралым. 
Алып қалар кәміл бір, 
Амал бар ма, Аралым? 

Адам барда өмірде, 
Ақ ниетпен алаңдар. 
Ажар берген өңірге, 
Айдын шалқар Арал бар.
Категория: Песни на казахском |
Просмотров: 1284 | Теги: Ағзамхан Егембаев | Рейтинг: 0.0/0